Баспасөз хабарламасы 2017 жылғы 26 маусым Астана қ. Алматы қаласында өтетін VI Инновациялық Форумындағы спикерлерінің бірі робот болады! Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиевтің және ҚР Бас редакторлар клубының вице-президенті, SUCCESS K стратегиялық коммуникациялар агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзованың қатысуымен баспасөз конференция өтті. 2017 ж. 30 маусымда Алматы қаласы Атакент – Экспо көрме орталығында VI Инновациялық Форум өтеді. Форумның негізгі тақырыптары Индустрия 4.0 тұжырымдамасы, сандық экономика, инновациялық экожүйелерді құру және «Алматы – өмір сүру және бизнеске қолайлы қала» атты өткен жылы бекітілген қаланы дамыту стратегиялық тақырыбы аясында Smart City технологияларын енгізу болады. Форум жұмысы барысында қаланың өзекті мәселелерін шешу үшін инновациалық технологиялардың қолданысын жетекші халықаралық сарапшылармен бірге талқылау жоспарлануда. Форум отандық және шетелдік жобалар мен келешекке арналған инновационлық идеялардың көрсетілімі өтетін старт-ап жобалар көрмесімен ашылады. Аталмыш іс-шара барысында мәлімделген тақырыптар бойынша презентациялар мен талқылаулар өтеді, кластерлер мен технопарктерді жетілдіру мен жандандыру бойынша кейстер, сандық телекоммуникациялармен ақылды қала арқылы жүзеге асатын экономикадағы жаңа стратегиялар мен табысты тәжірибелер қарастырылады. Форум спикерлерінің бірі робот болмақ. Ұйымдастырушылар ерекше оратордың қай тақырыпта сөз сөйлейтінін құпия сақтауда. Әдеттегідей, Форум жұмысын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашады, сондай-ақ, мәлімделген спикерлер тізімінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы, «Қазпошта» АҚ бұрынғы басқарма төрағасыБағдат Мусин, «Global Visions-Silicon Valley» компаниясының құрушысы және бас атқарушы директорыжәне «CIO ORACLE» бұрынғы аға вице-президенті Марк Ивановски, «Future Laboratory» басқарма төрағасы, Грузияның Инновация мен технологиялар бойынша агенттігінің бұрынғы төрағасы Ираклий Кашибадзе. Оған қоса, Форумға Англия, Израиль, АҚШ, Даниядан келетін халықаралық сарапшылар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары, бизнес-қоғамдастықтың өкілеттері, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар, стартапшылар қатысады. Тіркелу және Форум туралы толық ақпаратпен танысу үшін www.innovationforum.kz сайтына өтуіңізге болады. Өтетін күні мен уақыты: 30.06.2017, 09:30 – 17:30 БАҚ-ты тіркеу: 09:30-дан 10:30-ға дейін Өтетін орны: «Атакент» көрме орталығы, 9-шы павильон Тимирязев көшесі, 42,Алматы қаласы Журналистер үшін тіркелу міндетті және 26 маусым сағат 19:00 ге дейін мүмкін. Тіркелу үшін журналистің аты-жөні мен ұялы телефонының нөмірін электронды поштаға жіберуіңіз қажет. Фотографтар мен операторлардың байланыс деректерін көрсету міндетті емес. Алима Унгарбаева: a.ungarbayeva@media-agency.kz +7 775 499 73 46 Арнай Искакова: arnay.iskakova@gmail.com +7 775 173 15 88

Теги других блогов: форум инновации технологии