Баспасөз хабарламасы 2017 жылғы 23 маусым Астана қаласы Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында 54 медаль жиынтығы ойнатылады. Орталық коммуникациялар қызметінде Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына арналған баспасөз конференциясы өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев, Қазақстан гимнастика федерациясының вице-президенті Мадина Бектұрғанова және Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Бас жаттықтырушысы Әлия Юсупова қатысты. Көркем гимнастикадан Азиячемпионаты – жылына бір рет өтетін маңызды жарыс. Қазақстан Азия құрылығындағы біріншілікті төртінші рет қабылдау мәртебесіне ие болып отыр. Жарысқа Азия өңіріндегі 14 елдің 150 астам ең мықты гимнаст қыздары қатыспақ. Азиячемпионаты кезінде біздің елімізге шамамен 300 қатысушы келеді. Азия гимнастика одағы (AGU) Көркем гимнастикадан Азия чемпионатының Бас төрешісі етіп Көркем гимнастика бойынша техникалық комитеттің президенті - Филиппова Гёзалды тағайындады. Төрешілер бригадасының құрамына Қытайдың, Малайзияның, Қытай Тайбэйінің, Корей Халық Демократиялық Республикасының, Корей Республикасының, Моңғолияның, Сингапурдың, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тайландтың, Филиппиннің, Жапонияның және Қазақстанның өкілдері енген. 54 медаль жиынтығы ойнатылады. Дербес бағдарлама бойынша 72 қатысушы командалық біріншілікте және жеке көпсайыста көпсайыстың шеңбермен, доппен, күрзімен және таспамен жасалатын жаттығуларсияқты жекелеген түрлері бойынша күш сынасады.Топтық бағдарлама бойынша ең мықты 15 команда бізді өз өнерлерімен қуантып, көпсайыстан және екі түрдегі ақтық сайыстан Азия чемпиондары атағы үшін бас сынасады. Сеньорлар арасындағы дербес бағдарламада біздің еліміздің атынан Рио-де-Жанейродағы Олимпиада Ойындарының қатысушысы Сабина Әшірбаева (Оңтүстік Қазақстаноблысы), Алина Әділханова (Оңтүстік Қазақстаноблысы), Анна Афуксениди (Алматы қаласы), Селина Жұматаева (Астана қаласы), топтық бағдарламада - Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Әнел Талғатбек, Камила Көптілеу, Аружан Қазбекова, Динара Ерғалиева (Астана қаласы) шығады. Юниорлар арасындағы дербес бағдарлама да Қазақстанның намысын Адиля Тілекенова (Астана қаласы), Роза Әбитова, ДаянаӘбдірбекова (Оңтүстік Қазақстаноблысы), топтық жаттығуларда – Сагина Мұратқызы, Айза Рүстамқызы, Дария Шарафиеденова, Дильназ Мұсабекова, Райана Сүлеймен және Рената Жолдинова қорғайды. «Қазақстандық гимнастика тарихындағы айшықты спорт мерекесі EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтеді. Қазақстан үшін EXPO-2017 – өте маңызды оқиға, бұған дейін осындай көлемдегі халықаралық көрме Орталық Азия өңірі мен ТМД аумағында ешқашан өтіп көрмеген. EXPO-2017 өз қонақтарын әлемдік танымалдыққа ие болатын жаңашылдықтарымен таң қалдыруда»,-деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев. Қазақстан гимнастика федерациясының Вице-президенті Мадина Бектұрғанованың айтуынша, спорт - жер шарының кез-келген тұрғыны ешқандай тілдік кедергісіз сөзсіз түсінетін біріктіргіш күш. Азия чемпионатының басты тұлғалары – балалар, өз мемлекетінің жас азаматтары болып табылады. Сәтін салса, өзінің алғашқы қадамын біздің құт дарыған, қонақжай, кең байтақ және көпұлтты Отанымызда жасаған әлемдік көркем гимнастиканың жаңа жұлдызшасы – жас қыз баланың есімін білетін күн де алыс емес. Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың пікірінше, бүгінгі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан гимнастика федерациясы елімізде аталған спорттың қарқынды дамуына барлық жағдайды жасап жатыр. Еліміздің өңірлерінде арнайы спорт мектептерінің ашылуы соған дәлел. Айта кетейік, Азия чемпионатындағы жарыстармен қатар, көрермендерді 2017 жылғы 24 маусым күні сағат 19.00-де болатын салтанатты ашылу рәсімі де күтеді. Онда қонақтарға қазақ халқының мәдени мұралары мен дәстүрлері, Қазақстанның жалпы әлемдік кеңістікке кірігуі мен EXPO-2017 ірі көрмесі жайлы қысқаша мәлімет таныстырылады. ____________________________________________________________________________ «Қазақстандық гимнастика федерациясы» 1992 жылы құрылған. Бүгінде Федерация Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG), Азия гимнастика одағының (AGU), Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҚР ҰОК) мүшесі болып табылады. Оның құрамында Қазақстанның 13 өңіріндегі спорттық гимнастикадан, спорттық акробатикадан, акробатикалық жол мен батутта секіруден, көркем гимнастикадан 16 аккредиттелген өңірлік спорт федерациясы кіреді. Қазақстандық гимнастика федерациясы 10 000 астам спортшы-гимнасттарға жетекшілік етеді. БАҚ өкілдері өздері туралы деректерді astanagym@gmail.com электрондық адресіне ұсыну арқылы, тіркеуден өте алады. Байланыстағы тұлға: ГүлмираБекенова, +7 701 540 46 56, 8 (7172) 43-21-12.