Баспасөз хабарламасы
Берік Шолпанқұлов жекешелендірудің «екінші толқынын» іске асырудың нәтижелері туралы айтыр берді
2017 жылғы 21 маусым Астана қ.
Жекешелендірудің «екінші толқынының» шеңберінде 2014 жылдың маусымынан бастап барлығы 569 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 447 объекті 125,4 млрд. теңгеге сатылды, оның ішінде:
республикалық меншік бойынша – 33 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 29 объекті 10,8 млрд. теңгеге сатылды;
коммуналдық меншік бойынша – 270 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 214 объекті 19,2 млрд. теңгеге сатылды;
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 122 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 107 объекті 6,8 млрд. теңгеге сатылды;
ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша – 144 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 97 объекті 88,6 млрд. теңгеге сатылды.
Қазіргі уақытта қолданыстағы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына 878 енгізілген (түгендеу нәтижесі бойынша қосымша енгізілгендерді есептегенде), оның 217-сі сатылған.
Сатылған 217 объектінің 18-і республикалық меншікт объектілері, 106-сы коммуналдық меншік объектілері, 93-і квазимемлекеттік сектор объектілері.